Жануарлар мен жәндіктер туралы жұмбақтар
Кішкентай боп өз-өзін зор тұтады,
Сөйтіп пілдің өзін де қорқытады. (Тышқан)
Адамнан да көп айласын асырған,
Жүрген ізін құйрығымен жасырған.
(Түлкі)
Тұмсығында түймесі бар,
Үстінде сұр жейдесі бар.
Жейдесінде инесі бар.
(Кірпі)
Адамға қатты ұқсайды,
Бірақ ол адам емес.
Ұятты, арды ұқпайды,
Сезімі жаман емес.
(Маймыл)
Мүйізі бар, өгіз емес,
Ер-тоқымды, есек емес.
(Ұлу)
Басы қызыл тарақты,
Ал құйрығы орақты.
(Әтеш)
Хайуаным бар бір қызық,
Құйрығынан мұрны ұзын.
(Піл)
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайлы.
(Бұбұл)
Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүздеген көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі.
Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың еркесі.
(Аққу)
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарқы жұлдыз.
(Түйе)
От басында құмған,
Екі көзін жұмған.
(Мысық)
Жол үстінде қу азық,
Мергеншіге жол азық.
(Қоян)
Төрт аяқты шалғы,
Орып кетер малды.
(Қасқыр)
Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас.
(Тасбақа)
Сұм жүзді, құралай көзді,
Киікше секірген
Бура санды, жолбарыс тонды.
(Құрбақа)
Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды.
(Шегіртке)
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(Құмырсқа)
Ұзын-ұзын ұзардай,
Ұзыннан аққан сулардай.
Ағаш атқа мінгесіп,
Ұзартып қойған мұнардай.
(Өрмекші)
Көзі бар, қанаты бар балық дене,
Сияқты зор тұлғалы алып кеме.
(Кит)